Бұл туралы KZ-today тілшісіне Халықаралық Энергетикалық Агенттік IEA тарапынан әзірленген мұнай рыногіндегі коньюнктура туралы ай сайынғы есептен белгілі болды.
Болжам 2004-жылы дүниежүзілік экономика 4 процентке артады деген дәйекке сүйеніп отыр.
Мұнайға деген дүниежүзілік сұраныс негізінен АҚШ пен Қытайда мұнай тұтыну ауқымының ұлғаюы есебінен артады деп болжануда.
Сонымен бірге, IEA болжамына жүгінсек, ОПЕК-ке мүше болып табылмайтын тәуелсіз мұнай өндірушілер 2004-жылы мұнай өндіру мөлшерін тәулігіне 1,74 млн. баррельге жеткізеді.