2004-жылы Павлодар облысындағы төтенше қорғаудағы табиғи аумақтарда ағаш және шпал тілгіш 16 кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылы Павлодар облысындағы төтенше қорғаудағы табиғи аумақтарда ағаш және шпал тілгіш 16 кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды

2004-жылы Павлодар облысындағы төтенше қорғаудағы табиғи аумақтарда ағаш және шпал тілгіш 16 кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды

2004-жылы Павлодар облысында "Ертіс орманы" мемлекеттік табиғи орман қорығына таяу орналасқан ағаш және шпал тілгіш 16 кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің Павлодар облыстық орман және аң шаруашылығы жөніндегі аумақтық басқармасының бастығы Николай Руденко баспасөз мәслихатында хабарлады.

  • 9 Наурыз 2004
  • 740
Фото - Caravan.kz

Ағаш өңдеуге арнайы лицензиясының жоқтығы ағаш және шпал тілгіш кәсіпорындар жұмысын тоқтатуға түрткі болған. Ағаш тілгіш бір кәсіпорын тәулігіне 30 текше метр, ал шпал тілгіш кәсіпорын 15-20 текше метр ағаш өңдейді .

«Павлодар облысы бойынша «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи орман қорығы мен Баянауыл ұлттық табиғи саябағы қамтылатын төтенше қорғаудағы аумақтарда мұндай кәсіпорындар болуы тиіс емес. Ал аталмыш қорықтарда ағаш кесуге мүлдем тыйым салынған»,- деді Н.Руденко.
Биыл облыста ағаш жоңқасынан плита жасайтын кәсіпорын құрылған. «Кәсіпорын өткен жылдардағы өрттен қалған күйік қалдықтарды өңдеу туралы «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи орман қорығымен келісімге келді»,- деді Н.Руденко.
Оның пікірінше, қазіргі жағдаймен облыста ағаш ұрлығымен табысты күреске қажетті барлық жағдайлар жасалған. Бірінші кезекте «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи орман қорығы мен Баянауыл ұлттық табиғи саябағына арнап республикалық бюджеттен бөлінетін қаржы көлемі 2,5 есе артты. Мәселен, саябаққа бөлінген қаржы 2003-жылы 24 млн. теңгені, биыл 69,4 млн. теңгені құрады, ал ұлттық орман қорығына 2003-жылы 101 млн. теңге , биыл 233,9 млн. теңге бөлінді. Бұл қаржы қорықшыларды жалақымен, арнаулы киіммен және табельді қарумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Орман өртінің алдын алуға бағытталған ахуал да жақсара түсті. Биыл орманды ұшақпен күзетуге арнап республикалық бюджеттен бөлінетін қаржы көлемі де артып, былтыр ұшқыштар орманды алқаптар үстімен жылына 270 сағат ұшса, биыл бұл көрсеткіш 470 сағатқа дейін артты.
Дейтұрғанмен, Н.Руденко орманды ұшақпен күзету облысты орман өрттерінен құтқара алмайтынын атап өтті. Ол үшін ауылшаруашылығын дамытып, ауылшаруашылық айналымына қамтылатын аумақтар көлемін ұлғайту қажет. «Былтырғы өрттердің барлығы да өңделмеген далалық алқаптардан орманға қарай ойысқан өрттің салдары»,- деді Н.Руденко. Ал әзірге, Н.Руденконың пікірінше, орманды алқаптарды қоршай екі шақырымдық буферлі аймақ құру қажет.
Облыста орман қорғаумен бірге кесілген ағаштардың орнын толықтыру және орманды қайта түлету проблемалары да шешімін табуда. Мәселен, биыл Павлодар облысында 2004-2006-жылдар аралығында орманды кешенді дамыту бағдарламасының жобасы жасалды. Алайда оны қаржыландыру мәселесі әзірге шешімін таппай отыр.
Павлодар облысындағы орман қорының жалпы аумағы 456,2 мың гектарды , соның ішінде «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи орман қорығы мен Баянауыл ұлттық табиғи саябағының аумағы 328,6 мың гектарды құрайды.

Соңғы жаңалықтар