2004-жылы Павлодарда қалған ғұмырын қамауда өткізетіндерге арналған республикамыздағы алғашқы абақты құрылысы салына бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылы Павлодарда қалған ғұмырын қамауда өткізетіндерге арналған республикамыздағы алғашқы абақты құрылысы салына бастайды

2004-жылы Павлодарда қалған ғұмырын қамауда өткізетіндерге арналған республикамыздағы алғашқы абақты құрылысы салына бастайды

2004-жылы Павлодарда өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы жүктелгендерге арналған Қазақстандағы тұңғыш абақты құрылысы салына бастайды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің Павлодар облыстық басқармасы бастығының орынбасары Виктор Жұмалдинов хабарлады.

  • 2 Наурыз 2004
  • 487
Фото - Caravan.kz

Абақты құрылысын салуға арнлған қаржының бір бөлігі республикалық бюджеттен Павлодарға аударылып та үлгерді. Абақты құрылысын салуға республикалық бюджеттен барлығы 3,5 млрд. теңге бөлінеді деп күтілуде. Құрылыс 2007-жылы салынып бітеді.

Абақты құрылысының жобасын Алматының құрылыс-жобалау институты жасады. ҚР әділет министрлігінің шешімімен, жергілікті химиялық зауыт цехтарының төрт қабатты ғимараттары абақты түрінде қайтадан жабдықталатын болды. В.Жұмалдиновтың айтуынша, цехтардың пайдалануға берілмеген ғимараттары қаладан да, қазір бейтараптандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан сынап электролизі цехынан да шалғайда орналасқан.
Сондай-ақ, абақты аумағында әкімшілік-тұрмыстық кешен, абақты қызметкерлері мен қамаудағыларға арналған асхана, меймандарға арналған қонақүй, бу қазандығы мен басқа да қосалқы нысандар салынады.
В.Жұмалдиновтың айтуынша, абақтыға бір уақытта 1,5 мың адамды қамауға болады. Дүниежүзілік стандартқа сәйкес, әрбір тұтқынның үлесіне абақтының 6 қызметкерінен келмек.
Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің облыстық басқармасы бастығы орынбасарының атап көрсетуінше, өмір бойы бас бостандығынан айыру — сотталушының бақилық болғанға дейін қамауда отыруын меңземейді. Дер кезінде қалыптасқан жағдайға қарай қылмыстық іс қайтадан қаралуы мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды.

Соңғы жаңалықтар