Оның айтуынша, 2003-жылы Қазақстан 51,4 млн. тонна мұнай және газ конденсатын өндірді. Бұл 2002-жылғы көрсеткіштен 8 процент артық. Министр ортаға салған ақпаратқа жүгінсек, 2005-жылы республикамыз 60-61 млн. тонна, 2010-жылы 90 млн. тонна, 2015-жылы Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігіндегі кеніштерді ескергенде 150 млн. тоннадан астам мұнай және газ конденсатын өндіреді.
Министрдің айтуынша, 2003-жылы өндірілген 51,4 млн. тонна мұнайдың 11 млн. тоннасы мемлекет үлесіне тисе, қалған бөлігі инвесторлар қарамағында қалады.
В.Школьниктің айтуынша, «мұнай өндіру саласын дамыту күрделі құрылыс саласына жұмсалатын жыл сайынғы инвестиция көлемін арттыруға жол ашып, нәтижесінде 2015-жылы бұл ауқым 4,5 млрд. долларға жетпекші». Бұл орайда тек Қашаған жобасына 40 жылда жұмсалатын күрделі қаржы көлемі 57,1 млрд. долларға жетеді деп күтілуде.