2004-жылы Қазақстан Ганновер қаласында өтетін халықаралық көрме-жәрмеңкеге қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылы Қазақстан Ганновер қаласында өтетін халықаралық көрме-жәрмеңкеге қатысады

2004-жылы Қазақстан Ганновер қаласында өтетін халықаралық көрме-жәрмеңкеге қатысады

Биыл Ганновер қаласында халықаралық ірі көрме-жәрмеңке өтеді. Қазақстанға алғаш рет шара аясында ауқымды көрмелік аумақтар бөлінгелі отыр. Бұл туралы бүгін, 5-ақпанда Астанада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР индустрия және сауда министрі Әділбек Жақсыбеков хабарлады.

  • 5 Ақпан 2004
  • 473
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, ГФР канцлері Герхард Шредер елімізге жасаған ресми сапары кезінде аталмыш көрмеге шақыруды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзіне тікелей табыс еткен.

Ә.Жақсыбековтың айтуынша, көрменің ашылуына Қазақстан мен Германияның мемлекет басшылары қатысады.
Сондай-ақ, биыл еліміздің компаниялары Брюссельде өтетін халықаралық көрмеге шақырылды. Ал 2004-жылдың сәуір айында «ҚР индустриялық-инновациялық даму стратегиясының» тұсаукесері АҚШ-та өтеді деп күтілуде деді Ә.Жақсыбеков.
Осыған байланысты министр облыстық әкімшіліктер мен отандық кәсіпорындарға «экономикалық мүмкіндіктеріне қарай» аталмыш көрмелерге белсене қатысу туралы ұсыныс тастады.

Соңғы жаңалықтар