Осы орайда үкімет басшысы «еліміздің Бразилия ұшақтарын сатып алу мүмкіндігін, олардың дүниежүзіндегі ең таңдаулы ұшақтар екенін айғақтағанын» хабарлай отырып, «наурыз-сәуір айынан бастап олар еліміз аспанында аймақаралық бағыттарда ұша бастайды»,- деп мәлімдеді.
Жаңа ұшақтар сатып алу қажеттігіне тоқталған үкімет басшысы 2004-2006-жылдарда «Як-40 үлгісіндегі барлық ұшақтардың ұшу ресурстары аяқталады, бұдан былай ондай ұшақтармен ұшу қаупі арта түспек»,- деп мәлімдеді.
Сондай-ақ, үкімет басшысының хабарлауынша, осыдан үш апта бұрын «Эйр Астана » компаниясы «Боинг-757» ұшағын сатып алған, ол 13-желтоқсаннан бастап Алматы-Лондон-Ганновер бағытында жолаушы тасымалдауға кіріседі. Сондай-ақ, үкімет басшысының мәліметіне жүгінсек, «Эйр Астана » алыс шетелдерге жолаушы тасымалдайтын тағы бір ірі фюзеляжды ұшақ сатып алуды көздеп отыр.