Оның айтуынша, 7 жағдайда әйелдер аталмыш қылмыс түрінің құрбанына айналса, бір жағдайда кәмелеттік жасқа жетпеген бозбала зардап шекті. Ал 2003-жылы Қазақстанда адам саудасына қатысты қылмыс деректері бойынша 6 қылмыстық іс қозғалып, барлығы 25 адам, соның ішінде 15 әйел қылмыс құрбанына айналды. «Халықаралық көші-қон ұйымының мәліметтері бойынша, соңғы 2-3 жылда Қазақстанда адамдарды саудалау үшін елден алып шығуға қатысты 88 жағдай тіркелген»,- деді М.Шабытов.
Халықаралық көші-қон ұйымының ақпараты бойынша, дүниежүзінде жыл сайын 5 млн. жан адам саудасына қатысты қылмыстың құрбанына айналады. Осынау қылмысты бизнестің қаржылық айналымы жылына 9 млрд. долларды құрайды.