2004-жылы Қазақстанда Жалпы ішкі өнім 9,4 процентке өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылы Қазақстанда Жалпы ішкі өнім 9,4 процентке өсті

2004-жылы Қазақстанда Жалпы ішкі өнім 9,4 процентке өсті

2004-жылы Қазақстанда Жалпы ішкі өнім мөлшері 2003-жылғы деңгеймен салыстырғанда 9,4 процентке өсіп, 5,5 трлн. теңгені құрады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі агенттігінен хабарлады.

  • 14 Ақпан 2005
  • 587
Фото - Caravan.kz

«Жалпы ішкі өнімнің өсімі экономиканың барлық салалары бойынша өндіріс көлемінің нақты өсуі есебінен қамтамасыз етілді»,- дейді агенттіктегілер. Айталық, өнеркәсіп өнімі 10%-ке, ауылшаруашылығының өнімі 0,1%-ке, құрылыс өнімі 11,2%, көлік және байланыс қызметі саласындағы өнім 12,2%, сауда-саттық 10,4%-ке өсті.

Жалпы ішкі өнім құрылымында тауар және қызмет түрлерінің үлес салмағы тиісінше 44,9 және 50,7 процентті құрады. Жалпы ішкі өнімнің негізгі өсімін 31,1 проценттік үлесті иемденген өнеркәсіп саласы қамтамасыз етті.

Перейти к новостям спорта