Атап айтсақ, еліміздің 1083 азаматы Оңтүстік Корея өндірістеріне стажер ретінде жұмысқа орналастырылса, 8 адам Түркияда, 526 адам Ресейде жұмыс тапты, деді У.Стамқұлов.
Әділет министрлігінің мәліметі бойынша, 2005-жылғы 1-қаңтардағы жағдаймен республикамызда азаматтарды жұмысқа орналастыру жөніндегі 77 жеке меншік агенттік тіркелген. Олардан 40 мыңдай адам көмек сұрапты. У.Стамқұловтың айтуынша, осыншама адамнан 6,6 мыңы ғана еңбекпен қамтамасыз етілген.
Сонымен бірге әділет министрлігінің мәліметі бойынша, 2004-жылы ауданаралық мамандандырылған экономикалық соттар «Лицензия беру туралы» заң талаптарын бұзуға байланысты жеке меншік екі агенттіктің лицензиясы кері қайтарып алды.
Министр орынбасарының хабарлауынша, «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң күшіне енген 2004-жылдың 1-наурызынан бастап шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру функциясы жергілікті атқарушы билік органдарына берілді. Содан бері шетелдерден жұмыс күшін тарту және елімізден жұмыс күшін шығаруға қатысты іс-қызметке 80 лицензия берілді. «Атап айтсақ, Қырғызстанның 3 мыңдай азаматы Алматы облысы аумағында ауылшаруашылығы саласындағы жұмыстарға орналастырылды»,- деді ол.