2004-жылы Қазақстаннан 320 адам қажыға барады - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылы Қазақстаннан 320 адам қажыға барады

2004-жылы Қазақстаннан 320 адам қажыға барады

2004-жылы Қазақтан мұсылмандары Діни басқармасының көмегімен елімізден 320 адам Мекке мен Мединеге қажылық сапарға шығады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне

  • 20 Қаңтар 2004
  • 405
Фото - Caravan.kz

Қазақтан мұсылмандары Діни басқармасының баспасөз қызметінен 20-қаңтарда хабарлады.

Қазір республикалық ұйымдастырушы компания қажылық сапарды ұйымдастыру жұмыстарын қолға алды. Қалыптасқан дәстүрге сәйкес, елімізден қажылық сапарға шығатын жандардың басым бөлігін Алматы тұрғындары құрайды. Сауд Арабиясы Қазақстан үшін биыл 500 адамға ресми квота бөлген.
Биылғы қажылық парызды өтеу мерзімі 1-4-ақпан аралығына сәйкеседі. Тәртіп бойынша, қажылыққа ниет еткен адамдар осыдан 10 күн бұрын Меккеге жетуі тиіс. Жолақы құны 2000 АҚШ долларын құрап отыр.
Қажылық парыз өтелгеннен кейін Қазақстан мұсылмандары 3 күнге созылатын Құрбан-айт мерекесін тойлайды.

Соңғы жаңалықтар