2004-жылы Қазақстанның бюджетіне түскен түсімдер мөлшері жоспарлы межеден 4,7 процентке артты - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылы Қазақстанның бюджетіне түскен түсімдер мөлшері жоспарлы межеден 4,7 процентке артты

2004-жылы Қазақстанның бюджетіне түскен түсімдер мөлшері жоспарлы межеден 4,7 процентке артты

2004-жылғы республикалық бюджеттің орындалуына қатысты алдын-ала қорытынды бойынша жалпы түсім мөлшері 978,4 млрд. теңге болып, жоспардың 104,7 процентін құрады. Соның ішінде кіріс - 895 млрд. теңгені, ресми трансферттер - 66,7 млрд. теңгені, қайтарылған несиелер - 16,5 млрд. теңгені құрады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР қаржы министрлігінен хабарлады.

  • 26 Қаңтар 2005
  • 407
Фото - Caravan.kz

2004-жылы республикалық бюджет шығындары 995,6 млрд. теңгеге орындалып, төлемдер жоспарының 96,9 процентін құрады.

Өткен жылғы республикалық бюджет шығыстарының кассалық орындалуын құрылымы бойынша алып қарасақ, әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік жәрдемақыларға арналған шығындардың үлес салмағы 23,4 проценттік ең жоғарғы көрсеткішке ие болса, ресми трансферттерге арналған шығындар — 14,4%, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке бағышталған шығындар — 9,5%, көлік және байланыс шығындары — 8,5%, ауылшаруашылығы, су,орман , балық шаруашылығы мен қоршаған ортаны қорғауға арналған шығындар — 7,5 %-тік үлес иемденді.
Игерілмей қалған республикалық бюджет қаржысы 31,3 млрд. теңгені құрады. «Осыншама қаржының игерілмей қалуына қазіргі қалыптасып отырған валюта бағамдарының арасындағы айырмашылық пен республикалық бюджеттік бағдарлама администраторларының шығындарды азайтуға бағытталан жұмыстары ықпалын тигізді»,- дейді қаржы министрлігіндегілер.
2005-жылғы 1-қаңтардағы жағдаймен республикалық бюджеттің тапшылығы 17,26 млрд. теңгені құрады. Бюджет тапшылығын қаржыландыру көлемі 20 млрд. теңгені, соның ішінде түсімдер 156,5 млрд. теңгені, үкіметтің берешектерін өтеуге жұмсалған қаржы 136,4 млрд. теңгені құрады.
Республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жалақы қарызы 2005-жылғы 1-қаңтардағы жағдаймен 12,9 млн. теңге болды. Жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы төлемдерін қаржыландыруға арналған бұрынғы жылдардан қалған берешек көлемі 116,9 млн. теңгені құрады. Ал зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен жерлеуге арналған жәрдемақылар бойынша 2004-жылдың қаңтар және желтоқсан айлары аралығында республикалық бюджеттің берешегі жоқ.

Перейти к новостям спорта