2004-жылы ҚР бюджетіне 2,3 млрд. теңге қайтарылды - есеп комитеті - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылы ҚР бюджетіне 2,3 млрд. теңге қайтарылды - есеп комитеті

2004-жылы ҚР бюджетіне 2,3 млрд. теңге қайтарылды - есеп комитеті

Республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі есеп комитетінің тексеру қорытындысы бойынша 2004-жылы бюджетке 2,3 млрд. теңге қайтарылды. Бұл туралы бүгін, 24-ақпанда Астанада өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 24 Ақпан 2005
  • 440
Фото - Caravan.kz

О.Өксікбаевтың айтуынша, комитет бюджеттік 329 нысанда 32 бақылау шарасын жүзеге асыру нәтижесінде жалпы сомасы 15,3 млрд. теңгенің заң бұзушылықтарын анықтады. Соның ішінде 9,6 млрд. теңге заңсыз шығынға шыққаны, 1,2 млрд. теңге көлеміндегі бюджет қаржысы мақсаттан тыс жұмсалғаны, 3,7 млрд. теңге тиімсіз жұмсалғаны анықталды. Комитет 486 млн. теңгенің салықтары мен төлемдерін бюджетке өндіріп алды.

Өткен жылғы тексерулердің қорытындысы бойынша есеп комитеті экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттікке 18 іс материалын өткерді. Олардың ішінде бір іс сотқа жолданып, 9 дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Есеп комитетінің тексерулері нәтижесінде 12 лауазым иесі жұмыстан босатылды.
О.Өксікбаевтың айтуынша, комитеттің былтырғы бақылау шаралары «бюджеттің оннан бір бөлігін ғана қамтыды. Демек, заң бұзушылық оқиғаларының үлес салмағы біршама ауыр болып тұр. Үкімет пен есеп комитеті тындыратын іс бастан асады».

Перейти к новостям спорта