2004-жылы ҚР үкіметі Қазақстан даму банкінің капиталын арттыруға 10 млрд. теңге бөледі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылы ҚР үкіметі Қазақстан даму банкінің капиталын арттыруға 10 млрд. теңге бөледі

2004-жылы ҚР үкіметі Қазақстан даму банкінің капиталын арттыруға 10 млрд. теңге бөледі

"Қазақстан даму банкі ендігі жерде шетелдік рынокқа, соның ішінде жақын шетелдерге бағытталған жұмыстарға ден қоюы тиіс". Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, 19-наурызда Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы жолдауы аясында атап көрсетті, деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Наурыз 2004
  • 402
Фото - Caravan.kz

«Алға қойған жаңа мақсат-міндеттерді шешу үшін Қазақстан даму банкінің қаржылық қорын арттыру қажет», — деді президент. Атап айтсақ, «республика үкіметі бұл мақсатқа 10 млрд. теңге бөледі». «Жергілікті атқарушы орган болып табылатын әкімшіліктер де банк капиталын арттыруға 5 млрд. теңге қосуы тиіс, өйткені, олар да банк акционерлерінің санатында», — деді Н. Назарбаев.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2-ақпанда Астанада өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан даму банкінің президенті Қамбар Шалғымбаев өзі басқаратын банктің алдағы уақытта Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан нарығына шығуды көздеп отырғанын мәлімдеген болатын.
2004 жылғы 1-қаңтардағы жағдаймен, Қазақстан даму банкінің активтері 84,2 млрд. теңге, жеке капиталы 41,7 млрд. теңге, міндеттемелері 42,5 млрд. теңге болды. 2003-жыл қорытындысы бойынша Қазақстан даму банкі 1,3 млрд. теңге көлемінде таза пайда тапты.
Құрылған сәттен бастап Қазақстан даму банкі жалпы құны 504,8 млн. долларды құрайтын 20 инвестициялық жобаны қаржыландырды. Соның ішінде банк тікелей шығарған қаржы үлесі 201 млн. долларға тең. Банк орташа өсімақы ставкасы жылдық 10,4 процентке тең несиелерді 7-9 жылға береді. Еліміздің жалпы банк жүйесінен инвестициялық несие алған заңды тұлғалардың жалпы көлемінде Қазақстан даму банкі 23,6 проценттік үлес иемденеді.
2004-жылғы 1-қаңтардағы жағдаймен, Қазақстан даму банкінің жарғылық қоры 37,7 млрд. теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар