2004-жылы үкімет атқарушы органдардың аймақтарды қыс маусымына дайындау жұмысына қоятын бақылауды күшейтеді - ҚР үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылы үкімет атқарушы органдардың аймақтарды қыс маусымына дайындау жұмысына қоятын бақылауды күшейтеді - ҚР үкімет басшысы

2004-жылы үкімет атқарушы органдардың аймақтарды қыс маусымына дайындау жұмысына қоятын бақылауды күшейтеді - ҚР үкімет басшысы

2004-жылы үкімет атқарушы органдардың облыстарды қыс маусымына дайындау жұмысына қоятын бақылауды күшейтеді. Бұл туралы бүгін, 25-қарашада парламент палаталарының бірлескен отырысында ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді.

  • 25 Қараша 2003
  • 463
Фото - Caravan.kz

«Бюджет тәжірибесінде тұңғыш рет біз Шығыс Қазақстан облысына тіпті қыс маусымына дайындық мәселесі бойынша ауқымды көмек көрсете бастадық. Ал Семейді қыс маусымына дайындау үшін бюджеттен 295 млн. теңге бөлу қарастырылды. Бұл , менің пікірімше, бұрын-соңды болмаған дүние»,- деді үкімет басшысы. Оның пайымдауынша, бұл — жергілікті атқарушы органдардың қысқа дайындық жұмыстарындағы олқылықты айғақтаса керек.

Премьер-министр сондай-ақ, облыстың бюджеттік мүмкіндіктері жеңіл-желпі мақсаттарды шешуге толыққанды жететіндіктен «облысқа мұндай көлемде дотация бөлуге ешбір негіз жоқ» деген пікірде.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қазан айының басында Шығыс Қазақстан облысының жер сілкінісі салдарынан шеккен шығындарының мөлшерін есептеу нәтижесінде осы облыстан мәжіліске сайланған халық қалаулысы Николай Щербинин аталмыш шығынның орнын толықтыру үшін 315 млн. теңге бөлу туралы үкімет басшысына сұрау салған болатын.

Соңғы жаңалықтар