Оның айтуынша, «қазір осы жөніндегі қаулының жобасы министрліктерде келісіл үстінде» .
Ә.Исекешевтің хабарлауынша, бүгінде бюджет қаржысы есебінен шағын және орта бизнес субьектілерінен заң бойынша мемлекеттік сатып алу мөлшері 10 проценттен кем емес. «2003-жылдың алғашқы жартысында шағын және орта бизнес субьектілерінен бюджет қаржысы есебінен мемлекеттік сатып алу мөлшері шамамен 29 процентті құрады»,- деген мәлімет келтірді вице-министр.
Индустрия және сауда министрлігінен келтірген мәлімет бойынша еліміздегі шағын бизнес субьектілерінің саны 2003-жылдың 1-қазанындағы жағдаймен 494 мыңды, ал 2002-жылы бұл сан 442 мыңды, 2001-жылы 365 мыңды құрады. «Шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны тұрақты өсу ағымы байқалуда»,- деді Ә.Исекешев.
Оның айтуынша, шағын және орта бизнес саласымен айналысушы адамдар саны 2003-жылдың 9 айында 23,9 процентке артып, 1 млн. 243 мың адамды құраған. Шағын кәсіпкерлік субьектілерінің үстіміздегі жылдың 9 айындағы тауар және қызмет түрлерін сатудан тапқан пайдасы 496 млрд. теңгеден асып, өткен жылғы осы мерзімдегі көрсеткіштен 36 млрд. теңгеге артты.