2004-жылы Ұлттық банк несиелендіру ақысын 6-6,5 процентке дейін азайтуды жоспарлап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылы Ұлттық банк несиелендіру ақысын 6-6,5 процентке дейін азайтуды жоспарлап отыр

2004-жылы Ұлттық банк несиелендіру ақысын 6-6,5 процентке дейін азайтуды жоспарлап отыр

2004-жылы Ұлттық банк несиелендіру ақысын 6-6,5 процентке дейін азайтуды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін, 25-қарашада өткен парламент палаталарының бірлескен отырысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко хабарлады.

  • 25 Қараша 2003
  • 430
Фото - Caravan.kz

«Алдағы жылы инфляция төмендейтіндіктен бұл несиелендіру ақысын 6-6,5 процентке дейін азайтуға мүмкіндік беретіндіктен бұл екінші деңгейдегі банктер үшін несиелік ресурстардың бағасын арзандатуға белгі болуы тиіс»,- деді ол.

Ұлттық банктің бағалауынша, 2004-жылы доллардың теңгеге шаққандағы жылдық орташа бағамы 153,3 теңгені құрауы тиіс. «Бұл — таза индикативтік көрсеткіш түріндегі болжам»,- деп атап көрсеткен Г.Марченко : «егер 2004-жылы тағы да биылғы жағдай қайталанып, валюта көлемі сұраныстан әлдеқайда арту ағымы байқалса, онда жылдық орташа бағам теңгенің нығаю жағына қарай түзетіледі»,- деп атап көрсетті.
Ұлттық банк төрағасының айтуынша, «2004-жылы Қазақстанның алтын-валюта қоры үш айлық тауар және қызмет импортын қамтамасыз ететіндей деңгейде сақтала отырып, көлемі 6,3 процентке өседі деп күтілуде». Сондай-ақ, Ұлттық банктің бағалауынша, ақша массасының жылдық өсімі алдағы жылы 23-25 процентті құрауы тиіс.
2003-жылғы 21-қараша күнгі жағдаймен Қазақстанынң алтын-валюта қоры Ұлттық қор қаржысын қоса есептегенде 7 млрд. 932 млн. долларды құрады. Ал 2003-жылдың соңына дейін экономиканың монетизациялық деңгейінің өсімі 23 процентті құрауы тиіс. 2003-жылдың шілде айында Ұлттық банктің несиелендіру ақысы 7 процентке дейін азайтылды.

Соңғы жаңалықтар