Жарияланды: 440

2005- 2011 жылдары заңсыз құрылыспен айналысқан азаматтарға қатысты 32 қылмыстық іс қозғалды

Қылмыстық іздестіру органдары 2005- 2011 жылдар аралығында заңсыз құрылыспен айналысқан азаматтарға қатысты 32 қылмыстық іс қозғап, олардың 26-сы сотқа жолданды.

Бүгін бұл туралы журналистермен кездескен Астана қалалық прокуратурасының 2- басқармасы бастығының орынбасары Мейрамбек Қаныбеков мәлім етті. Оның сөзіне қарағанда, Астана қаласының соттары үлестік және мансарды құрылысына қатысушы азаматтарды алдап кеткен 39 азаматқа қатысты 23 қылмыстық істі қарап, барлығы бойынша тиісті үкім шығарған. Тағы 4 азаматқа қатысты 2 қылмыстық іс қаралу үстінде. «Нақтырақ айтқанда, осы уақытта Сарыарқа ауданының №2 сотында «Жеті жол» тұрғын үй кешенінің құрылысы барысында заңсыз әрекеттерге жол берген Е.Б.Райсова мен А.Б.Байменшиева және Н.С.Поздняковқа қатысты қылмыстық іс қаралуда. Аталмыш азаматтар тарапынан жіберілген заңсыз әрекеттердің салдарынан келген шығын 1 миллиард 65 миллион 415 мың теңгені құрап отыр. Ал заңсыз әрекеттердің құрбанына айналған үлескерлер саны 101 адам. «Сондай-ақ Алматы ауданының №2 сотында «Гранитный» тұрғын үй кешенін салу кезінде заңсыздықтарға жол берген И.Дмитриенконың әрекеттерінен келген шығын 633 миллион 105 мың 368 теңгені құраған. Алаяқтық салдарынан зардап шеккендер саны 126 адам. Қазіргі таңда бұл бағыттағы мәселелер бойынша тиісті шаралар атқарылуда»,-деді прокуратура өкілі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін