2005 жылдың 9 айында құрылыстағы бағалар 4,3% көтерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2005 жылдың  9 айында  құрылыстағы бағалар 4,3% көтерілді

2005 жылдың 9 айында құрылыстағы бағалар 4,3% көтерілді

2005 жылдың 9 айында құрылыстағы бағалар 4,3% көтерілді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі ҚР статистика агенттігіне сілтеме жасап.

  • 10 Қазан 2005
  • 537
Фото - Caravan.kz



Бағалардың ең көп өсуі құрылыс өндірісінде пайдаланылатын технологиялық жабдыққа қалыптасты — 6,3%. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына бағалар 3,9%, жобалау және жаңашылдық қызметі, эксплуатациялық және барлау мақсатындағы бұрғылау жұмыстары мен шығындар 3,3%-ке өсті.
Ағымдағы жылғы тоғыз ай ішінде құрылыс ұйымдары сатып алатын материалдар, бөлшектер және конструкциялар 2,9% қымбаттады. Бағаның ең көп өсуі портландцементке — 21% тіркелді, ал қиыршықтас — 7,7%, құрылыс ертінділері — 6,7%, қыш кірпіштер мен құм — 6,3%-ке, ауыр профильдер, металдан жасалған бұрыштамалар, су-газ өткізгіш құбырлар — 5,3-5,6%, лактар — 4,8%, табақ шыны, металдан жасалған ванналар мен сым — 2,4-3,1%, линолеум — 1,8%-ке қымбаттады. Еденге арналған тақтайлардың бағасы өзгерген жоқ, ал қыш раковиналардың бағасы 3,6%, әк пен электр кабельдердің — 0,2-0,3% төмендеді.
Республикада құрылыс материалдарының аттас түрлеріне бағалардың өңіраралық айырмашылығы сақталуда. Мәселен, ағымдағы жылғы қыркүйекте бағалардың алшақтығы құрылыс құмына 5,1 есе, қыш кірпішке 3,7 есе, портландцементке 2,4 есе, терезе шынысына 1,7 есе құраған.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта