2005 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,8% құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2005 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасындағы инфляция  0,8% құрады

2005 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,8% құрады

2005 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,8% құрады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі ҚР статистика жөніндегі агенттігіне сілтеме жасап.

  • 3 Қазан 2005
  • 433
Фото - Caravan.kz



Атап айтсақ, азық-түлік тауарлары рыногында өткен айда жұмыртқа 7,8%, күріш — 3,9%, сүт өнімдері — 1,5%, ет және құс — 1,1%-ке қымбаттады. Жемістер мен көкөністердің бағасы — 2,8%, қанттың бағасы — 0,3%, ұнның бағасы — 0,1%-ке арзандады.
Азық-түлік емес тауарлар тобында киім мен аяқ киімнің бағасы 0,4%, тұрмыстық заттардың бағасы — 0,3%, жеке тазалық құралдарының бағасы — 0,2%-ке өсті. Бензин 8,6%, дизель отыны — 4,5%-ке қымбаттады.
Білім беру мекемелерінің қызметтеріне ақы төлеу 10,4% өсті. Баллондарда сатылатын сұйытылған газдың бағасы 3,8%-ке өсті. Мәдениет қызметтеріне ақы төлеу 0,8%, денсаулық сақтау қызметтеріне ақы төлеу — 0,7%, жолаушылар көлігі қызметтеріне ақы төлеу — 0,3%-ке қымбаттады.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта