2005 жылғы 1 маусымда мемлекеттік бюджетке түскен табыстар көлемі 728 млрд. теңгені құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-19 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2005 жылғы 1 маусымда мемлекеттік бюджетке түскен табыстар көлемі 728 млрд. теңгені құрады

2005 жылғы 1 маусымда мемлекеттік бюджетке түскен табыстар көлемі 728 млрд. теңгені құрады

2005 жылғы 1 маусымға ҚР қаржы министрлігінің жедел деректері бойынша мемлекеттік бюджетке түскен табыстар көлемі 728 млрд. теңгені құрады, бұл 2004 жылғы 1 маусымдағыдан 37,6% артық, шығындар - 536,4 млрд. теңге (2004 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 19,7% көп) болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

  • 11 Шiлде 2005
  • 493
Фото - Caravan.kz

Есеп берген кәсіпорындар мен ұйымдардың деректері бойынша 2005 жылғы мамырда қаржылық нәтиже табыс есебінде 145,4 млрд. теңге сомасында анықталды, бұл 2004 жылғы мамырдағыдан 1,1% кем. Пайдалылық деңгейі — 36,4%. Есеп берген кәсіпорындардың жалпы санынан шығынды жұмыс істеген кәсіпорындардың үлесі 37,7% құрады.

2005 жылғы 1 маусымға ҚР Ұлттық банкінің деректері бойынша екінші деңгейдегі банктердің экономика салаларына салған кредиттік салымдары 1781,5 млрд. теңгені құрады. Несиелердің тұрақты өсу ағымы байқалады. Кредиттік салымдардың жалпы көлемінде ұзақ мерзімді кредиттердің үлесі 66,6%, шетел валютасындағы кредиттердің үлесі 49,2% құрады. 2005 жылғы 1 маусымға банк жүйесіндегі депозиттер көлемі 1376,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2004 жылғы
1 маусымдағыдан 55,1% көп, соның ішінде тұрғындардың салымдары, тиісінше, 490,7 млрд. теңге болды, бұл 2004 жылғы 1 маусымдағыдан 32,5 % көп.

Перейти к новостям спорта