2005 жылғы бірінші жартыжылдықта ауыл шаруашылығы өніміне бағалар 1% көтерілді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2005 жылғы бірінші жартыжылдықта ауыл шаруашылығы өніміне бағалар 1% көтерілді

2005 жылғы бірінші жартыжылдықта ауыл шаруашылығы өніміне бағалар 1% көтерілді

Ағымдағы жылғы алты ай ішінде өсімдік шаруашылығы өнімі 1,3%, мал шаруашылығы өнімі - 0,6% қымбаттады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

  • 11 Шiлде 2005
  • 450
Фото - Caravan.kz

Астық дақылдарына бағалар 1% өсті. Солардың ішінде ең жоғары баға арпаға — 6,7% тіркелді, ал қарақұмықтың бағасы 0,3% төмендеді. Ағымдағы жылғы қаңтар-маусымда жүгері 5,3%, күріш 3,2%, сұлы 2,1%, бидай 0,2% қымбаттады.

Ағымдағы жылғы маусымда 2004 жылғы желтоқсанға қатысты көкөніс дақылдары 7,2% қымбаттады. Мұның өзінде қырыққабат бағасының өсімі 9,2%, сәбіз бен басты пияздың — 5,1-5,5%, картоптың — 3,8% құрады. Күнбағыстың тұқымы өткен айда желтоқсандағыға қарағанда 0,9% жоғары бағамен өткізілді.
Жыл басынан бергі кезең ішінде жұмыртқа 21,8%, сүт 2,9% арзандады, ал барлық түрдегі малдың еті 8,2%, құстың — 1% қымбаттады. Ағымдағы жылғы маусымда шошқа етінің өткізу бағасы өткен жылғы желтоқсандағы деңгейден 10,6%, ірі қара малдың — 9,7%, жылқы мен қойдың — 2,6-3,7% асып түсті.

Перейти к новостям спорта