2005 жылғы мамырда елімізде заңды тұлғалардың депозиттері 9,5% көбейіп, 885,5 млрд. теңгеге, ал жеке тұлғалардың депозиттері 1,5%-ға көбейіп, 490,7 млрд. теңгеге жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 508.3
  • 592.17
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2005 жылғы мамырда елімізде заңды тұлғалардың депозиттері 9,5% көбейіп, 885,5 млрд. теңгеге, ал жеке тұлғалардың депозиттері 1,5%-ға көбейіп, 490,7 млрд. теңгеге жетті

2005 жылғы мамырда елімізде заңды тұлғалардың депозиттері 9,5% көбейіп, 885,5 млрд. теңгеге, ал жеке тұлғалардың депозиттері 1,5%-ға көбейіп, 490,7 млрд. теңгеге жетті

2005 жылғы мамырда елімізде заңды тұлғалардың депозиттері 9,5% көбейіп, 885,5 млрд. теңгеге, ал жеке тұлғалардың депозиттері 1,5%-ға көбейіп, 490,7 млрд. теңгеге жетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 5 Шiлде 2005
  • 442
Фото - Caravan.kz

Депозиттік ұйымдардағы резиденттер депозиттерінің жалпы көлемі 2005 жылғы мамырда 2005 жылғы сәуірмен салыстырғанда 6,5% 1376,2 млрд. теңгеге дейін көбейді.

2005 жылғы мамырда ұлттық валютадағы депозиттер сияқты шетел валютасындағы депозиттер көлемінің ұлғаюы байқалды. Мәселен, ұлттық валютадағы депозиттер 4,0%-ке, немесе, 831,5 млрд. теңгеге дейін, ал шетел валютасындағы депозиттер 10,6%-ке, немесе 544,7 млрд. теңгеге дейін көбейді. Нәтижесінде, теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 61,9%-тен 60,4%-ке дейін азайды.
Банктердегі халықтың салымдары (резидент еместерді ескере отырып) бір айда 1,6%-ке, немесе 498,1 млрд. теңгеге дейін көбейді. Маусымда халық салымдарының құрылымында теңгедегі депозиттер 1,3%, 285,4 млрд. теңгеге дейін өсті, ал шетел валютасындағы депозиттер 1,9%-ке, немесе 212,6 млрд. теңгеге дейін өсті. Нәтижесінде, теңгелік депозиттердің үлес салмағы 2005 жылғы сәуірмен салыстырғанда іс жүзінде өзгермей 57,3% болды.
Мамырда банктік емес заңды тұлғалардың теңгелік мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 3,8% (2005 жылғы сәуірде — 3,3%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 9,3% (9,7%) болды.

Перейти к новостям спорта