2005 жылғы маусымда инфляцияның жылдық көрсеткіші 7,9% болды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
10 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2005 жылғы маусымда инфляцияның жылдық көрсеткіші  7,9% болды

2005 жылғы маусымда инфляцияның жылдық көрсеткіші 7,9% болды

ҚР статистика агенттігінің ресми деректеріне сәйкес инфляция 2005 жылғы маусымда өткен аймен салыстырғанда төмендеп, 0,4%-ті құрады (2005 жылғы мамырда - 0,6%). Азық-түлік тауарлары 0,4%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,4%, ақылы қызмет көрсету 0,3% қымбаттады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР Ұлттық банкінен хабарлады.

  • 5 Шiлде 2005
  • 453
Фото - Caravan.kz

2005 жылғы маусымда азық-түлік тауарларының нарығында қант 3,7%, көкөністер мен жемістер — 2,7%, ет және ет тағамдары — 0,7% қымбаттады. Жұмыртқаның бағасы 6,6%, сүт және сүт өнімдерінің бағасы — 2,6% арзандады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобында жанармай бағасының өсімі 1,4%, дизель отынына 0,6% құрады. Сонымен бірге құрылыс материалдары — 2,1%, жеке тазалық тауарлары 0,4%, киім және аяқ киім, үйге қажетті заттар — 0,3% қымбаттады.
Ақылы қызмет көрсету құрылымында тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету 0,4%, денсаулық сақтау және білім беру саласында қызмет көрсету — 0,2%-дан, жолаушы көлігінің және мәдениет қызметі — 0,1% қымбаттады.
Ағымдағы жылдың басынан бері инфляция 3,5% (2004 жылғы қаңтар-маусымда — 2,4%) құрады, азық-түлік тауарлары — 4,6%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар — 2,1%, ақылы қызмет көрсету — 2,8% қымбаттады.
2005 жылғы маусымда инфляция жылдық көрсетуде 7,9% болды (2005 жылғы мамырда — 7,8%).

Перейти к новостям спорта