2005 жылғы қаңтар-маусымда көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау қызметінің құны 0,5% қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-19 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2005 жылғы қаңтар-маусымда  көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау   қызметінің құны  0,5% қымбаттады

2005 жылғы қаңтар-маусымда көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау қызметінің құны 0,5% қымбаттады

Ағымдағы жылғы бірінші жарты жылдықта құбыр тасымалының тарифі тұтастай алғанда 1,1%, мұнай өнімдерін қайта айдау бойынша - 1,8% көтерілді, ал газ тасымалдау құны өзгерген жоқ. Автожол көлігінің қызметі жыл басынан бергі кезең ішінде 1,2%, алыс шетелдерге жүк жеткізу қызметі 2,1%, ТМД елдеріне - 1%, республика ішінде - 0,5% қымбаттады. Теміржол мен әуе көлігіндегі баға деңгейі өткен алты ай ішінде өзгерген жоқ. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

  • 11 Шiлде 2005
  • 497
Фото - Caravan.kz

Ағымдағы жылғы маусымда 2004 жылғы желтоқсанға қатысты заңды тұлғаларға арналған байланыс қызметінің тарифтері 4,1%, электр байланысы — 4,5% төмендеді, ал ұлттық пошта қызметінің тарифтері 6% өсті. ТМД елдерімен халықаралық телефон байланысы қызметінің құны 20%-ке арзандады, ал республика ішінде сәлемдемелер жеткізу бағасы 20,4%, мерзімдік басылымды жеткізу бағасы 9,7% көтерілді.

Ағымдағы жылғы қаңтар-маусымда өнеркәсіп кәсіпорындары көрсеткен өндірістік сипаттағы қызметтерге тарифтер 3% өсті. Тарифтердің ең жоғары өсімі газеттерді басып шығару бойынша қызметтерге тіркелген — 17,7%, ал төмендеуі — мұнай мен газды өндірумен байланысты қызметтерге байқалды — 4,1%. Электр энергиясын тасымалдау бойынша қызметтер 15,2%, машиналар мен жабдықты жөндеу — 5,8%, тұтынушыларды бумен және ыстық сумен жабдықтау — 3,3%, суық суды бөлу — 1,5% қымбаттады.

Перейти к новостям спорта