2005 жылғы қыркүйек айында банктер таратқан несиелердің негізгі борышының жалпы көлемі 2118,5 млрд. теңге болды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2005 жылғы қыркүйек айында банктер таратқан несиелердің  негізгі борышының жалпы көлемі 2118,5 млрд. теңге болды

2005 жылғы қыркүйек айында банктер таратқан несиелердің негізгі борышының жалпы көлемі 2118,5 млрд. теңге болды

Банктердің экономикаға кредиттері бойынша негізгі борышының жалпы көлемі 2005 жылғы қыркүйек айында 4,0% ұлғайды және 2118,5 млрд. теңге болды. Бұл туралы KZ-today тілшісі ҚР Ұлттық банкіне сілтеме жасай оытырып хабарлайды.

  • 2 Қараша 2005
  • 437
Фото - Caravan.kz

Ұлттық валютадағы кредиттер бір айда 1079,5 млрд. теңгеге дейін 4,0%, шетел валютасындағы кредиттер 1039,0 млрд. теңгеге дейін 4,0% ұлғайды. Нәтижесінде теңгедегі кредиттердің үлес салмағы тамыз айымен салыстырғанда өзгеріссіз 51,0% деңгейінде қалды.

Ұзақ мерзімді және сол сияқты қысқа мерзімді кредиттердің өсу үрдісі байқалып отыр. Ұзақ мерзімді кредиттер 1445,3 млрд. теңгені құрай отырып 4,5%, ал қысқа мерзімді кредиттер 673,2 млрд. теңгені құрай отырып 2,9% өсті. Қорытындысында ұзақ мерзімді кредиттердің үлес салмағы 67,9%-дан 68,2%-ға дейін өсті.
Тамыз айымен салыстырғанда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған ставкасы 14,0%-дан 13,7%-ға дейін төмендеді, ал жеке тұлғаларға берілген кредиттер бойынша 19,3%-дан 19,4%-ға дейін өсті.

Перейти к новостям спорта