2005-2007-жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға 150 млрд. теңге қажет - ҚР үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-11 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2005-2007-жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға 150 млрд. теңге қажет - ҚР үкімет басшысы

2005-2007-жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға 150 млрд. теңге қажет - ҚР үкімет басшысы

2005-2007-жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруға 150 млрд. теңге қажет. Бұл туралы бүгін, 31-мамырда Астанада Ұлттық кеңестің мәжілісінде республика үкімет басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 31 Мамыр 2004
  • 457
Фото - Caravan.kz

«Соның ішінде әлеуметтік тұрғын үй салуға және тұрғын үй құрылысына арналған жинақ ақша жүйесінің салымшыларына арналған 21 млрд. теңге қайтарымсыз қаржы болмақ»,- деді Д.Ахметов. Оның айтуынша, бағдарламаны жүзеге асыруға бағышталатын басқа қаржы қайтарымды негізде игеріледі.

Д.Ахметовтың хабарлауынша, 2005-2007-жылдарда бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 12 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 45 мың жаңа жұмыс орны құрылады. Сондай-ақ, «тұрғын үй қорының сапасы артып, шетелдерден әкелінетін құрылыс материалдарының көлемі азайып, құрылыс жұмыстарынан бюджетке түсетін салық түсімдері 80 млрд. теңгеге артады».
«Мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде Жалпы Ішкі Өнімнің өсімі 1-2 процентті құрайды»,- деді үкімет басшысы.
Д.Ахметовтың айтуынша, бағдарламаны жүзеге асыруға дайындық жұмыстарын үкімет биылдан-ақ бастап кетті. Соған сәйкес, «2004-жылға арналған республикалық бюджет туралы » заң жобасына тиісті өзгерістер енгізілді.
«Тұрғын үй саясатын жүзеге асыруға 2004-жылы 20,4 млрд. теңге қарастырылған»,- деді Д.Ахметов.