2005-2007-жылдарға арналған жаңартылған орта мерзімді бағдарлама аясында Азия даму банкі Қазақстанға 1,9 млн. доллардың техникалық көмегін береді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2005-2007-жылдарға арналған жаңартылған орта мерзімді бағдарлама аясында Азия даму банкі Қазақстанға 1,9 млн. доллардың техникалық көмегін береді

2005-2007-жылдарға арналған жаңартылған орта мерзімді бағдарлама аясында Азия даму банкі Қазақстанға 1,9 млн. доллардың техникалық көмегін береді

2005-2007-жылдарға арналған жаңартылған орта мерзімді елдік стратегия мен бағдарлама аясында Азия даму банкі Қазақстанға 1,9 млн. доллардың техникалық көмегін береді. Сондай-ақ, Азия даму банкі ҚР үкіметінің қарап мақұлдауы үшін жыл сайын 1-2 несиелік жобаны әзірлемекші. Бұл туралы бүгін, 29-қарашада Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Азия даму банкінің Қазақстандағы тұрақты өкілдігінің директоры Казухико Хигучи мәлімдеді.

  • 29 Қараша 2004
  • 580
Фото - Caravan.kz

«2005-2007-жылдарда Азия даму банкі ауылдық аумақтарды аймақтық дамыту, ауылды сумен қамтамасыз ету, су ресурстарын басқару сынды ауылдық аумақтарды дамтыуға бағытталған салалық жобаларға, сондай-ақ, көлік және сауда-саттық сынды Орталық Азия аймағындағы аймақтық ынтымақтастықты қолдауға бағытталған салалық жұмыстарға баса назар аудармақшы»,- деді К.Хигучи. «Дегенмен, банктің Қазақстандағы жалпы жұмыс үрдісі сол қалпында сақталады»,- деді ол.

ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрінің орынбасары Батырхан Исаевтың айтуынша, «бұл бағдарламаны жүзеге асыру аясында түрлі техникалық көмек жобаларын республика үкіметі тарапынан қаржыландыру үлесі біртіндеп арта түседі». «Мәселен, ҚР үкіметі тарапынан бірлесе қаржыландыру үлесі 2005-жылы 30%, Азия даму банкінің үлесі 70%, 2006-жылы ҚР үкіметінің үлесі 40%, банк үлесі — 60%, 2007-жылы екі жақтың қаржыландыру үлесі 50/50% болып теңеседі» .
Сондай-ақ, К.Хигучидің айтуынша, «Азия даму банкі бұдан былай Қазақстанның жеке меншік секторында операцияларды жүзеге асыра бастайды. 2005-жылдың қаңтар айында Азия даму банкінің жеке меншік сектор жөніндегі департаментінің қызметкерлері өзара ынтымақтастық мүмкіндіктерін зерттеу үшін Қазақстанға келгелі отыр». К.Хигучи сонымен бірге Азия даму банкінің «жекелеген дербес жобаға акционер ретінде ену» мүмкіндігін жоққа шығармады.
«Таяуда Азия даму банкінің жеке меншік секторда ҚР үкіметінің кепілдігінсіз жұмыс істеу мүмкіндігі туралы келісімге қол қойылуы біз үшін айрықша маңызды фактор болмақ»,- деп атап көрсеткен Б.Исаев осы орайда: «Азия даму банкінің жеке меншік секторды қаржыландыру шарттары Қазастанның екінші деңгейлі банктерімен салстырғанда анағұрлым жеңіл»,- деді.

Перейти к новостям спорта