2004-жылы ТМД аясындағы көптеген елдерде тұрақты тұрғындар санының арту ағымы байқалды. Айрықша жоғары өсім Тәжікстанда тіркеліп, 6,77 млн. адам немесе 1,9 процентті құрады. Қырғызстанда тұрақты тұрғындар саны 1,9 процентке немесе 5,12 млн. адамға, Әзербайжанда 0,9 процентке немесе 8,34 млн. адамға, Қазақстанда 0,7 процентке немесе 15 млн. адамға, Арменияда 0,1 процентке немесе 3,21 млн. адамға жетті. Украина, Беларусь, Ресей және Молдовада тұрақты тұрғындар саны тиісінше 0,7%, 0,5%, 0,4% және 0,2%-ке кеміді. Грузия, Өзбекстан және Түрікменстанға қатысты мәліметтер жоқ.
Әзербайжан, Грузия және Қазақстанда тұрғындардың 50 проценттен астамы қалаларда тұрса, Армения, Беларусь, Ресей және Украинада 60 проценті қалаларда тұрады. Молдова мен Түрікменстанда ауыл тұрғындарының саны 60 процентке жуық болса, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанда ауыл тұрғындарының үлес салмағы 63-74 процентті құрайды.