2005-жылдың 1-қаңтарынан бастап ЕурАзЭҚ-қа мүше елдер азаматтарының визасыз қатынауына арналған құжаттардың тізімі қысқартылады - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2005-жылдың 1-қаңтарынан бастап ЕурАзЭҚ-қа мүше елдер азаматтарының визасыз қатынауына арналған құжаттардың тізімі   қысқартылады

2005-жылдың 1-қаңтарынан бастап ЕурАзЭҚ-қа мүше елдер азаматтарының визасыз қатынауына арналған құжаттардың тізімі қысқартылады

2005-жылдың 1-қаңтарынан бастап ЕурАзЭҚ-қа мүше елдер азаматтарының визасыз қатынауына арналған құжаттардың тізімі қысқартылады. Бұл туралы бүгін, 1-желтоқсанда Қырғызстан СІМ-нің баспасөз қызметі таратқан хабрламада айтылған.

  • 1 Желтоқсан 2004
  • 768
Фото - Caravan.kz

Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан республикалары Кедендік одақты құру барысында бұрынғы Кеңес одағының аумағы арқылы азаматтардың өзара қатынауына қолайлы жағдай жасауға келіскен. Осыған байланысты 2000-жылдың 30-қарашасында «Азаматтардың өзара визасыз қатынауы туралы» келісімге қол қойылды. Бұл ретте одаққа бірігуші әрбір ел қажетті құжаттардың тізімін жеке айқындап, оған 10-13 түрлі құжат қамтылды. Мәселен Қырғызстан азаматтары үшін бұл тізімде 10 түрлі құжат болды: жалпы азаматтық төлқұжат, 1974-жылғы үлгідегі төлқұжат, дипломатиялық және қызмет бабындағы төлқұжат, 16 жасқа дейінгі балалардың туу туралы куәлігі, отанына оралу туралы куәлік, әскери қызметкердің әскери билеті, ұшақ экипажы мүшелерінің ұшқыштық туралы куәлігі, темір жолшының жеке куәлігі және теңізші төлқұжаты.

Алайда, із жүзінде осыншама көп құжат түрлерін пайдалану кейбір қиындықтар тудырды. Ал дүниежүзінің көптеген елдерінде жалпы азаматтық төлқұжат, дипломатиялық және қызмет бабындағы төлқұжат, отанына оралу туралы куәлік және кейбір жағдайларда теңізші төлқұжаты сынды төрт түрлі ғана құжат мойындалатындықтан, жоғарыдағы жағдай халықаралық тәжірибеге де қайшы келді.
Сондай-ақ, құжат түрлерінің көбеюі еңбек мигранттары ағынының артуына, соның ішінде заңсыз көші-қонның етек алуына апарып соғу арқылы қабылдаушы елдердің құқық қорғау мекемелерімен арада түрлі шиеленістер шығуына түрткі болды. Нәтижесінде, 2004-жылдың 26-мамырында Мәскеуде ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің сарапшылары «Құжаттар тізімін қысқарту туралы» хаттамаға қол қойды. Онда тізімге 5 түрлі құжатты енгізу қарастырылған.
2004-жылдан бастап жаңа үлгідегі төлқұжатты қолданысқа енгізуге байланысты Қырғызстан жағының өтінішімен хаттама 2005-жылдың 1-маусымынан күшіне енуі тиіс еді. Алайда, өз аумағында лаңкестік оқиғалары жиілеп кеткен Мәскеу 2005-жылдың 1-қаңтарынан бастап ЕурАзЭҚ-қа мүше елдер үшін жаппай бес түрлі құжатты ғана бір жақты мойындайтынын мәлімдеді. Бұған дейін қол қойылған хаттамаға осыған байланысты тиісті өзгеріс енгізілді.
Осыған байланысты ЕурАзЭҚ-қа мүше барлық елдер үшін Достастық аумағы арқылы азаматтардың қатынауы барысында бес түрлі құжатты қамтитын біртұтас тізім қолданылатын болды. Оған жалпы азаматтық төлқұжат, дипломатиялық төлқұжат, қызмет бабындағы төлқұжат, теңізші төлқұжаты мен отанына оралу туралы куәлік кіреді. Хаттама 2005-жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Перейти к новостям спорта