2005-жылдың 1-қыркүйегіндегі жағдаймен бірде-бір халықаралық әуе компаниясы өз рейстерін Алматыдан Астанаға ауыстырған жоқ - ҚР азаматтық авиация комитетінің төрағасы - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2005-жылдың 1-қыркүйегіндегі жағдаймен бірде-бір  халықаралық әуе компаниясы  өз рейстерін Алматыдан Астанаға ауыстырған жоқ - ҚР азаматтық авиация комитетінің төрағасы

2005-жылдың 1-қыркүйегіндегі жағдаймен бірде-бір халықаралық әуе компаниясы өз рейстерін Алматыдан Астанаға ауыстырған жоқ - ҚР азаматтық авиация комитетінің төрағасы

2005-жылдың 1-қыркүйегіндегі жағдаймен бірде-бір халықаралық әуе компаниясы өз рейстерін Алматыдан Астанаға ауыстырған жоқ. Бұл туралы бүгін, 5-қыркүйекте Алматыда басталған Халықаралық азаматтық авиация ұйымының халықаралық семинар-практикумы барысында ҚР азаматтық авиация комитетінің төрағасы

  • 5 Қыркүйек 2005
  • 372
Фото - Caravan.kz

Алматбек Мәмбетов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

А.Мәмбетовтың айтуынша, ҚР көлік және коммуникация министрлігі халықаралық әуе компанияларымен келіссөздерді одан әрі жалғастыруда. «Біз әуе компанияларын халықаралық әуе желілерін Алматыдан Астанаға ауыстыруға мәжбүрлемейміз. Олар уақыты келгенде осындай өзгерістердің қажеттігіне көздерін жеткізетін болады»,- деді ол.
Комитет төрағасының айтуынша, «әуе желілерін ауыстыру туралы шешімді әр компания өз бетімен қабылдауға тиіс». «Алдағы 1-2 жылда қазір Алматыға ұшып жатқан ұшақтардың тең жартысы Астанаға ден қоятынына күмән жоқ»,- деді А.Мәмбетов.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР көлік және коммуникация министрлігінің шешімімен 2005-жылдың 1-қыркүйегінен бастап халықаралық әуе желілері Алматыдан Астанаға ауыстырылады.
Алматыға тікелей рейстер жасайтын әуе компанияларының арасында Lufthansa, KLM, Turkish Airlines, British Airways, China Southern Airlines, Iran Air, Pakistan International сынды ірі компаниялар бар.

Перейти к новостям спорта