2005-жылдың 1-тоқсанында елімізде сот үкімін орындатушыларға қатысты 24 қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2005-жылдың 1-тоқсанында елімізде сот үкімін орындатушыларға қатысты 24 қылмыстық іс қозғалды

2005-жылдың 1-тоқсанында елімізде сот үкімін орындатушыларға қатысты 24 қылмыстық іс қозғалды

2005-жылдың 1-тоқсанында елімізде сот үкімін орындатушыларға қатысты 24 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін, 20-мамырда ҚР Жоғарғы сотының жанындағы сот әкімшілігі комитетінің алқа отырысында комитет төрағасының орынбасары Кенжеболат Әбдіров мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 20 Мамыр 2005
  • 433
Фото - Caravan.kz

К.Әбдіровтың айтуынша, қазіргі жағдаймен 6 сот үкімін орындатушы сотталып, 16 қылмыстық іс соттарда қаралып жатыр. Комитет төрағасының орынбасары осы орайда ең көп қылмыстық іс Атырау облысында (5) қозғалғанынан хабардар етті. Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында тиісінше 4, Шығыс Қазақстан облысында 3, Ақтөбе облысы мен Астанада екі-екі қылмыстық іс қозғалған.

Қылмыстық істердің құрылымына қарайтын болсақ, 33 проценті мүліктерді тәркілеп алып аукциондарда сату барысында қолдан құжаттар жасағаны үшін, 20 проценті лауазымдық құқығын асыра пайдаланғаны үшін, 20 проценті басқаның мүлкін талан-таражға салғаны үшін, 12 проценті парақорлық үшін қозғалған.
«Сот үкімін орындатушылар тарапынан заңнама нормалары мен қылмыстық құқықтан бейхабарлық көріністері жиі кездесуде»,- деді К.Әбдіров. Оның айтуынша, мұндай жағдайға қызметкерді жұмысқа қабылдау барысында олардың жеке ісіне жете мән бермейтін кадр бөлімдері кінәлі.
ҚР Жоғарғы сотының жанындағы сот әкімшілігі комитетінің төрағасы Зейнолла Мақашевтің пайымдауынша, «сот үкімін орындатушылардың жұмысына қатаң бақылау қою қажет». «Ең тиімді шара — сот үкімін орындатушыны жұмыстан шығарып, одан әрі мемлекеттік құрылымдарға жұмысқа орналаса алмайтындай етіп оның нендей себеппен қызметтен кеткені туралы барлық мемлекеттік мекемелерді хабардар ету қажет».

Перейти к новостям спорта