2005-жылдың 1-тоқсанында еліміздің 882 азаматы омбудсменге арыз берді - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2005-жылдың 1-тоқсанында еліміздің 882 азаматы омбудсменге арыз берді

2005-жылдың 1-тоқсанында еліміздің 882 азаматы омбудсменге арыз берді

2005-жылдың 1-тоқсанында еліміздің 882 азаматы Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкілге түрлі арыз-шағымдармен хабарласты. Бұл туралы бүгін, 25-сәуірде Астанада өткен баспасөз мәслихатында Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Болат Байқадамов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 25 Сәуiр 2005
  • 425
Фото - Caravan.kz

Б.Байқадамовтың айтуынша, әсіресе Алматы (17,9%), Жамбыл (11%), Павлодар (8,2%) облыстары мен Астана және Алматы (тиісінше 9,6%-тен) қалаларынан арыз көп келді.

«Азаматтардың арыз-шағымдарының басым бөлігі сот шешімдерімен келіспеушілікке (31,8%), әлеуметтік және зейнетақы қамтамасыздығына (12,9%), тұрғын үй мәселесіне, құқық қорғау органдары, әкімдер мен басқа да лауазым иелерінің әрекетсіздігіне байланысты»,- деді Б.Байқадамов.
Оның айтуынша, бірінші тоқсанда тексеруге қабылдап алынған жалпы арыз-шағымдардың 33,9 процентіне адам құқықтары жөніндегі уәкілдің араласуы арқасында шағым иелерінің дегені орындалды. «Тағы 45 шағым бойынша қазір тексерулер жүргізілуде»,- деді омбудсмен.
Адамдардың басым бөлігінің құқықтарын бұзу дерегіне қатысы бар шағымдар бойынша құқық қорғаушы республика үкіметіне өтініш жолдады. Соның ішінде «Саяси нәубет құрбандарын ақтап алу туралы» ҚР заңына сәйкес бір мәрте ақшалай өтемақы беруге қатысты құқық бұзушылық әрекеттері туралы мәселе қозғалған. Қазіргі таңда омбудсменнің өтінішін үкімет қарап жатыр.

Перейти к новостям спорта