Қазіргі таңда облыс әкімі төртінші блокта өндірілген электр қуаты толықтай облыс қажеттілігін өтеу жөніндегі мәселе бойынша Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг компаниясының басшылығымен келіссөздер жүргізуде. Бұл облыстық электр қуатына деген сұранысты тағы да 30 МВт-қа қысқартуға жол ашады.
Қазіргі жағдаймен Батыс Қазақстан облысы Қарашығанақ Газқұбырлы электр станциясында өндірілген 28 МВт электр қуатын тегін пайдалануда.
Қарашығанақ Газқұбырлы электр станциясы төрт блоктан тұрады, қазіргі жағдаймен әрбіреуінің қуаты 30 МВт-қа тең үш блок пайдалануға берілді. Электр станциясының жалпы қуаты 120 МВт-ты құрауы тиіс. Г.Дүйсенбаевтың айтуынша, төртінші блокты салуға арналған жабдықтар қазір жеткізіліп жатыр, соңғы төртінші блок алдағы жылдың бірінші тоқсанында құрастырылып, іске қосылуы тиіс.