2005-жылдың 8 айында "ҚазМұнайГаз" 6,2 млн. тонна мұнай мен газ конденсатын өндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2005-жылдың 8 айында "ҚазМұнайГаз"  6,2 млн. тонна мұнай мен газ конденсатын өндірді

2005-жылдың 8 айында "ҚазМұнайГаз" 6,2 млн. тонна мұнай мен газ конденсатын өндірді

2005-жылдың 8 айында "ҚазМұнайГаз ҰК" АҚ 6,2 млн. тонна мұнай мен газ конденсатын өндірді. Былтырғы осы мерзіммен салыстырғанда ол 350 мың тоннаға артық. Бұл туралы KZ-today тілшісіне компанияның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 13 Қыркүйек 2005
  • 435
Фото - Caravan.kz

Компания ақпаратына сәйкес, тың әрі тиімді технологияларды пайдаланудың арқасында мұнай өндіру көлемі артты. Компания 2005-жылы 9,3 млн. тонна көмірсутегін өндіруді жоспарлап отыр.
2005-жылдың қаңтар-тамыз айларында «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС 2,5 млн. тонна мұнай өңдеп, 2004-жылғы көрсеткіштен 31,7 процентке арттырды. «ҚазМұнайГаз ҰК» АҚ-ның қорынан 1,8 млн. тонна мұнай сатылды. 2005-жылдың қаңтар-тамыз айларында мұнай өнімдерін өндіру мөлшері артты. Атап айтсақ, жанармай өндіру мөлшері 53,3%-ке, дизельдік отын өндіру 27,2%-ке, мазут өндіру 55,8%-ке артты.

>
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта