2005-жылдың алғашқы жартысында Жалпы Ішкі Өнімнің өсімі былтырғы осы мерзімге шаққанда 8,5 проценттен кем болмайды - ҚР экономика министрлігі - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
0 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2005-жылдың алғашқы жартысында Жалпы Ішкі Өнімнің өсімі былтырғы осы мерзімге шаққанда 8,5 проценттен кем болмайды - ҚР экономика министрлігі

2005-жылдың алғашқы жартысында Жалпы Ішкі Өнімнің өсімі былтырғы осы мерзімге шаққанда 8,5 проценттен кем болмайды - ҚР экономика министрлігі

2005-жылдың алғашқы жартысындағы қорытынды бойынша, Жалпы Ішкі Өнімнің өсімі былтырғы осы мерзіммен салыстырғанда 8,5 проценттен кем болмайды. Бұл туралы бүгін, 17-мамырда өткен үкіметтің отырысында ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 17 Мамыр 2005
  • 404
Фото - Caravan.kz

Қ.Келімбетовтың айтуынша, «жылдық орташа инфляция көрсеткіші белгіленген дәліз шеңберінен шықпайды». «Соның нәтижесінде жалақының нақты өсімі 7 процент болмақ»,- деді министр.

«Тіпті жылдың екінші жартысында әлемдік нарықтағы мұнай бағасы арзандады деген күннің өзінде алғашқы жарты жылдықта қол жеткізілген жетістіктер 2005-жылы тұтастай алғанда Жалпы Ішкі Өнімнің номинал мөлшерін болжанған деңгейде сақтауға және бюджет шығындарын тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»,- деді Қ.Келімбетов.
Министрдің айтуынша, «орташа мән өзгерісіне жасалған талдау қорытындысы Қазақстаннан экспортқа шығарылатын өнімдердің әлемдік бағасының өсімі тұрақты қарқынмен артып келе жатқанын паш етіп отыр». Мәселен, 2004-жылғы жылдық орташа деңгеймен салыстырғанда 2005-жылдың 1-тоқсанында brent маркалы мұнай бағасы 24,4%-ке өсіп, бір барреліне 47,6 долларды құрады. «Алдағы үш айға жасалған әлемдік фьючерстік бағаның талдау қорытындысы мұнайдың бағасы одан әрі өсіп, жарты жылдықта 49,5 долларды құрайтынын көрсетіп отыр»,- деді ол.

Перейти к новостям спорта