2005-жылдың ақпан айында еліміздегі инфляция 0,6 процентті құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2005-жылдың ақпан айында еліміздегі инфляция 0,6 процентті құрады

2005-жылдың ақпан айында еліміздегі инфляция 0,6 процентті құрады

2005-жылдың ақпан айында еліміздегі инфляция 0,6% құрады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады. 2004-жылғы ақпан айымен салыстырғанда инфляция 6,9% болды.

  • 1 Наурыз 2005
  • 387
Фото - Caravan.kz

Өткен айда жеміс-жидек-көкөніс өнімдері 5,7%-ке, балық 2,1%-ке, ет және ет өнімдері 1,2%-ке өсті. Сүт өнімдерінің бағасы 0,8%-ке қымбаттады. Соның ішінде ірімшік пен сүзбе 1,2%-ке, қаймақ 0,9%-ке, сүт пен айран 0,7%-ке қымбаттады. Май өнімдерінің бағасы 0,2% өсті. Ал жұмыртқаның бағасы 4,4%-ке, ұн 0,5%-ке, жарма өнімдері 0,3%-ке арзандады.

Азық-түлік өнімдеріне жатпайтын өнімдердің арасынан баспа өнімдерінің бағасы бір айда 1,4%-ке, киім-кешек пен етік 0,6%-ке, тазалық бұйымдары 0,5%-ке, тұрмыстық бұйымдар 0,2%-ке қымбаттады. Жанармай 4,9%-ке, дизельдік отын 1%-ке арзандады.
Ақпан айында денсаулық сақтау саласындағы қызмет құны 0,5%-ке, тұрғын-үй -коммуналды қызмет құны 0,4%-ке, білім беру және мәдени қызмет құны 0,3%-ке өссе, жолаушы тасымалының бағасы 0,3%-ке арзандады.

Перейти к новостям спорта