2005-жылдың аяғына дейін Орталық Азия -Орталық газ тасымалы жүйесіне 30 млрд. теңге жұмсалады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2005-жылдың аяғына дейін Орталық Азия -Орталық газ тасымалы жүйесіне 30 млрд. теңге жұмсалады

2005-жылдың аяғына дейін Орталық Азия -Орталық газ тасымалы жүйесіне 30 млрд. теңге жұмсалады

2005-жылдың аяғына дейін Орталық Азия -Орталық газ тасымалы жүйесіне 30 млрд. теңге жұмсалады. Бұл туралы бүгін, 16-тамызда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында "Интергаз-Орталық Азия" АҚ-ның бас директоры Данияр Берлібаев құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Тамыз 2005
  • 395
Фото - Caravan.kz

Д.Берлібаевтың айтуынша, 2006-жылы жүйені қолдауға 150 млн. доллар бөлінеді. Сонымен бірге алдағы жылы «Опорная» деп аталатын компрессорлық станцияны жаңалау межеленген. Бұл жоба, Д.Берлібаевтың айтуынша, 86 млн евроға бағаланып отыр.

Орталық Азия -Орталық газ тасымалы жүйесімен газ айдау көлеміне тоқталған Д.Берлібаев 2006-жылы 2005-жылғы сияқты 42 млрд. текше метр газ тасымалдау жоспарлағанын жеткізді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Азия -Орталық газ тасымалы жүйесімен газ айдау көлемін 2010-жылы 75-90 млрд. текше метрге жеткізу ойда бар.
Жүйенің транзиттік әлеуетін арттыру 9-12 жылда 7 кезеңмен іске асырылады. Газ құбырының өнімділік қабілетін жылына 80 млрд. текше метрге дейін арттыру үшін 2 млрд. доллар, ал көлемді 100 млрд. текше метрге жеткізу үшін қосымша 1,1 млрд. доллар қажет.

Перейти к новостям спорта