Өткен айда жеміс-жидек-көкөніс өнімдері 4,8%-ке, балық 2,1%-ке, балық және ет өнімдері 1,2%-ке, қант және тәті-кәмпит өнімдері 0,5%-ке өсті. Сүт өнімдерінің бағасы 0,3%-ке, қаймақ 0,2%-ке арзандады. Ал жұмыртқаның бағасы 5,2%-ке, ұн 0,1%-ке, жарма өнімдері 0,5%-ке арзандады.
Азық-түлік өнімдеріне жатпайтын өнімдердің арасынан киім-кешек пен етік және тазалық бұйымдарының әрқайсысы 0,4%-ке, тұрмыстық бұйымдар 0,3%-ке, дәрі-дәрмек 0,5%-ке қымбаттады. Жанармай 1,4%-ке, дизельдік отын 2,5%-ке арзандады.
Наурыз айында денсаулық сақтау саласындағы қызмет құны 0,5%-ке, тұрғын-үй -коммуналды қызмет құны 0,6%-ке, білім беру және мәдени қызмет құны тиісінше 0,4%-ке, жолаушы тасымалының бағасы 0,5%-ке қымбаттады.