Барлық тауар және қызмет түрлерінің бағасы мен тарифтері 6,8%-ке, азық-түлік тауарлары 7,2%-ке, азық-түлікке жатпайтын тауар түрлері 6,1%-ке, ақылы қызметтердің құны 6,8%-ке өсті.
Азық-түлік тауарлары базарында өткен айда жеміс-жидек пен көкөністер 5,1%-ке, жұмыртқа 1,7%-ке, балық 1,5%-ке қымбаттады. Сүт өнімдерінің бағасы 1,2%-ке, соның ішінде қаймақтың бағасы 1,7%-ке, сүт 1,4%-ке, айран, ірімшік пен сүзбе 1,3%-ке қымбаттады. Ет өнімдерінің бағасы 0,7%-ке, кеспе өнімдері 0,6%-ке, нан бағасы 0,4%-ке өсті.
Азық-түлік өнімдеріне жатпайтын тауарлардан аяқ киім мен киім-кешек бағасы 0,6%-ке, баспа өнімдері 1,6%-ке, жеке тазалық бұйымдары 0,4%-ке, тұрмыстық бұйымдар 0,5%-ке, кір жуғыш құралдар 0,8%-ке қымбаттады.
Көмір 0,6%-ке қымбаттаса, жанармай 6,1%-ке арзандады, ал дизельдік отын 1,7%-ке арзандады.
Тұрғын-үй-коммуналдық төлемдер 1 процентке,жолаушы тасымалының құны 2,3%-ке қымбаттады.