2005-жылдың қаңтар айында ҚР Ұлттық банкі еліміздің валюта рыногынан 60 млн. доллар сатып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2005-жылдың қаңтар айында ҚР Ұлттық банкі еліміздің валюта рыногынан 60 млн. доллар сатып алды

2005-жылдың қаңтар айында ҚР Ұлттық банкі еліміздің валюта рыногынан 60 млн. доллар сатып алды

2005-жылдың қаңтар айында ҚР Ұлттық банкі еліміздің валюта рыногынан 60 млн. доллар сатып алды. Бұл туралы бүгін, 2-ақпанда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық банк төрағасы Әнуар Сәйденов хабарлады.

  • 2 Ақпан 2005
  • 432
Фото - Caravan.kz

Ә.Сәйденовтың айтуынша, Ұлттық банк валюта нарығындағы ахуалға мейлінше аз араласу ұстынымынан ауытқымай отыр. Бұған қаңтар айында сатып алынған валюта көлемінің мардымсыздығы дәлел. Қазақстан қор биржасынан сатып алынатын валюта көлемі негізгі валюта бағамдары шұғыл өзгеру қаупі төнген жағдайда ғана өседі.

Жалпы алғанда, Ұлттық банк төрағасының айтуынша, 2005-жылғы қаңтар айында ішкі валюта рыногындағы ахуал тұрақты қалпында қалды. Қаңтарда айырбас бағамы бір доллар үшін 129,98-130,64 теңге аралығында тербелді. Осы мерзімде теңге 0,01 процентке құнсызданып, айдың аяғында оның биржадағы бағамы бір долларға шаққанда 129,00 теңге болды.
Қаңтар айында, қосымша сауда-саттық шараларын қоса ескерсек, биржалық операциялардың көлемі 2004-жылғы желтоқсан айымен салыстырғанда 63,1 процентке азайып, 557,56 млн. долларды құрады. Ал биржадан тысқары валюта рыногындағы операциялар көлемі өткен айдағымен салыстырғанда 38,9 процентке азайып, шұғыл мәліметтерге сәйкес 429,5 млн. доллар болды.

Перейти к новостям спорта