Өнеркәсіп өндірісінің орташа республикалық деңгейі 11 облыста: Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақмола, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Алматы және Астана мен Алматы қалаларында асыра орындалды.
Шикі мұнай өндіру Маңғыстау (9,8%), Ақтөбе (9,3%), Атырау (2,5%) облыстарында, газ конденсатын өндіру — Жамбыл (62,5%) және Батыс Қазақстан (57,3%) облыстарында өсті.
Қостанай облысында теміркенді шекемтастарды өндіру 1,8%-ке кеміді, темір кендерін өндіру 11,3%-ке артты.
Мыс кенін өндіру Қарағанды облысында өсті (17,7%), Шығыс Қазақстан облысында кеміді (8,2%).
Болат қорыту Павлодар облысында 9,1%-ке өсті, ал Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында тиісінше 28,5%-ке және 15,7%-ке азайды.
Тазартылған мысты қорыту Шығыс Қазақстан облысында 2,5 есе артты, Қарағанды облысында 6,5%-ға кеміді, өңделмеген мырышты қорыту Қарағанды облысында 38 есе, Шығыс Қазақстан облысында 2,7% артты.
Шығыс Қазақстан облысында жеңіл жолаушылар автомобильдерін шығару 57,9%-ға кеміді.
Сары май өндіру Оңтүстік Қазақстан (44,7%), Солтүстік Қазақстан (49%) облыстарында және Алматы қаласында (22,4%) өсті, ал көлемнің кемуі Астана қаласында (75%) және Ақмола (31,1%), Жамбыл (5,1%), Алматы (4,5%), Павлодар (18,5%) облыстарында тіркелді.
Тазартылған күнбағыс майын өндіру Ақтөбе (87,2%) және Шығыс Қазақстан (45,1%) облыстарында өсті.
Жеміс және көкөніс шырындарын өндіру Алматы облысында 22,9%, Жамбыл облысында 6,8% өсті.
Электр энергиясын өндіру Қызылорда (3,2 есе) Ақтөбе (2,4 есе), Жамбыл (63,6%-ға), Атырау (8%), Батыс Қазақстан (17,3%), Алматы (3,7% облыстарында өсті, ал Ақмола (4,1%) және Шығыс Қазақстан (5,1%) облыстарында төмендеді.