2005-жылдың сәуір айында өнеркәсіп өнімінің бағасы 5,2%-ке қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
0 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2005-жылдың сәуір айында өнеркәсіп өнімінің бағасы 5,2%-ке қымбаттады

2005-жылдың сәуір айында өнеркәсіп өнімінің бағасы 5,2%-ке қымбаттады

Ағымдағы жылдың сәуірінде өндірістік сипаттағы қызметтерді есепке алғандағы өнеркәсіп өнімін өндіруші-кәсіпорындардың бағасы наурызбен салыстырғанда 4,9%, өндірілген өнімнің бағасы - 5,2%, өндірістік сипаттағы қызметтердің бағасы - 1,8% өсті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

  • 6 Мамыр 2005
  • 423
Фото - Caravan.kz

Өткен айда бағаның ең көп өсуі кен өндіру өнеркәсібінде — 7,5%, өңдеу өнеркәсібінде -2,1%, электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлуде — 2,5% тіркелді.

Өндіруші-кәсіпорындардың энергия ресурстарының бағалары мен тарифтері тұтастай 7,2% өсті. Әлемдік рыноктардағы мұнайдың қымбаттауы оны республикада өндіру бағасының 8,7%-ке өсуіне ықпал етті. Газ конденсаты — 17%, көмір — 1,8%, жылу энергиясы — 1%, табиғи газ — 0,6%-ке қымбаттады, мұнай өнімдері — 2,3%, электр энергиясы — 0,1%-ке арзандады.
Металлургия өнеркәсібіндегі баға қара металдарға — 3,9%, ферроқорытпаларға — 5,8%, түсті металдарға — 4,6% қымбаттауына байланысты 4,5%-ке өсті, бұл осы металдардың әлемдік рыноктардағы бағасы бойынша серпін көрінісі болып табылды. Өндірушілердің өңделмеген алюминийінің бағасы бір айда — 6,8%, мыстың бағасы — 5,2%, мырыштың бағасы — 4,8%, қорғасынның бағасы — 3%, қымбат металдардың бағасы — 1%-ке өсті.
Республикада дайындалған азық-түлік тауарлары бағасының өсуі мал етінің — 3,3%, одан жасалған өнімдердің — 2,6%, жаңа піскен нанның — 0,6% және қанттың — 0,3%-ке қымбаттауы есебінен 0,2% құрады. Ал жарманың бағасы, керісінше, 6%, бидай ұнының бағасы — 1,3%, сүт өнімдерінің бағасы — 0,5%-ке төмендеді.

Перейти к новостям спорта