2005-жылы 290 өндірістік стандарттарды жобалауға 170 млн. теңге бөлінеді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2005-жылы 290 өндірістік стандарттарды жобалауға 170 млн. теңге бөлінеді

2005-жылы 290 өндірістік стандарттарды жобалауға 170 млн. теңге бөлінеді

2005-жылғы республикалық бюджетте 290 өндірістік стандарттарды жобалау және қабылдауға 170 млн. теңге қарастырылған. Бұл туралы бүгін, 11-ақпанда ҚР индустрия және сауда министрлігінің алқа мәжілісі барысында министрліктің техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитетінің төрағасы Әбілғазы Құсайынов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 11 Ақпан 2005
  • 453
Фото - Caravan.kz

Ә.Құсайыновтың айтуынша, 2004-жылы 197 өндірістік стандарттың жобасы жасалған. «2005-жылы жобаланады деп межеленген стандарттардың басым бөлігі халықаралық жобалармен үйлестіріледі»,- деді ол. Сонымен бірге комитет төрағасының мәліметіне жүгінсек, 2005-2007-жылдары ТМД Мемлекетаралық кеңесі аясында 29 техникалық регламенттің жобасы жасалып қабылданады. «Бұл орайда Еуропалық директиваларға сүйенетін боламыз»,- деді ол.

Ә.Құсайыновтың айтуынша, 2010-жылға дейін ҚР барлық мемлекеттік стандарттар жаппай қайта қаралады. Бүгінде олардың саны 30 мыңнан асып жығылады. Сонымен бірге биылғы жылы жаңа стандарттар енгізу және ескі мемлекеттік стандарттарды қайта қарауға қатысты 30 заңның жобасын жасау жоспарланған. 2010-жылға дейін осы мақсатта шамамен 300 құқықтық-нормативтік актінің жобасын жасап қабылдау қажет.
Комитет ақпаратына сәйкес, 2005-жылдың басындағы жағдаймен еліміздегі 258 кәсіпорын өндірістік сапа жүйесін мемлекеттік сертификаттау жүйесінде және сапа жүйесін сертификаттау жөніндегі шетелдік органдарда сертификаттады. Тағы да 97 кәсіпорын ISO стандарттары негізінде сапаны басқару жүйесін жобалап енгізу үстінде.

Перейти к новостям спорта