2005-жылы Альянс банк халықаралық несиелер көлемін 10 есе арттырмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2005-жылы Альянс банк халықаралық несиелер көлемін 10 есе арттырмақшы

2005-жылы Альянс банк халықаралық несиелер көлемін 10 есе арттырмақшы

"Альянсбанк" АҚ-ның акционерлері 2005-жылы сыртқы капитал рыногынан 65 млрд. теңге көлемінде несие алу жоспары мен құны 40 млрд. теңгені құрайтын облигациялық бағдарламаны бекітті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне банктің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 9 Наурыз 2005
  • 734
Фото - Caravan.kz

«Алынған несиелер көлемі 50 млн. долларды құраған 2002-2004-жылдар аралығындағы үш жылдық даму кезеңімен салыстырғанда биыл банк халықаралық несиелер көлемін 10 есе арттырмақшы»,- деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Ал облигациялық бағдарламаның бірінші кезеңінде 5 млрд. теңгеге облигациялар, ал 1 млрд. теңгеге ипотекалық облигациялар шығарылады. 2002-2004-жылдарда банк 8 млрд. теңгенің облигацияларын шығарған.
2005-жылдың 1-наурызындағы жағдаймен «Альянсбанк» АҚ-ның активтері 133,2 млрд. теңге (1 млрд. доллар), міндеттемелері 116,7 млрд. теңге (898млн. доллар), жеке капиталы 16,4 млрд. теңге (126 млн. доллар), таза пайдасы 85,9 млн. теңге (661,2 мың доллар) болды.
Банк акционерлерінің жиналысында 2005-2008-жылдарға арналған капитализациялық жоспар бекітілді. Соған сәйкес банктің жарғылық капиталы жыл сайын 100 млн. долларға ұлғайып отырмақ. 2005-жылдың 1-қаңтарындағы жағдаймен банктің өтелген жарғылық капиталы 15,118 млрд. теңгені, жарияланған жарғылық капиталы 28 млрд. теңгені құрады.
Сондай-ақ, банк акционерлері артықшылығы бар бір акцияға берілетін дивиденд көлемін өзгертуге шешім қабылдады. Ол 1000 теңге болуға тиіс.
2004-жылы Moodys Investors Service халықаралық агенттігі Альянс банктің шетел валютасындағы ұзақ мерзімді депозиттік рейтингін Ва3-ке, ал қаржылық тұрақтылықты айқындайтын FSR E+ рейтингін «тұрақты» деңгейден «позитивті» болғызып өзгертті. Financial Times тобына жататын The Banker журналы «Альянсбанк» АҚ-ын ТМД және Орталық Еуропа аймағындағы ең қарқынды дамып келе жатқан банктер санатына қосты.

Перейти к новостям спорта