2005-жылы Атырау облыстық бюджетінің есебінен 717 науқас республикалық клиникаларға жіберіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2005-жылы Атырау облыстық бюджетінің есебінен 717 науқас республикалық клиникаларға жіберіледі

2005-жылы Атырау облыстық бюджетінің есебінен 717 науқас республикалық клиникаларға жіберіледі

Атырауда республикалық және басқа да профилактикалық емдеу орталықтарына арнаулы емдеуге жіберілетін науқастар мен олармен бірге жүретін адамдардың жолақысын өтеу тәртібі бекітілді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Атырау облыстық денсаулық сақтау департаменті директорының орынбасары Қамбар Қамашев хабарлады.

  • 3 Мамыр 2005
  • 629
Фото - Caravan.kz

407 ересек науқастар мен 310 бала, сондай-ақ, олармен бірге жүретін 323 адам квота бойынша республикалық ауруханаларға жіберіледі. Облыстық бюджеттен олардың жолақысын өтеуге 11 млн. теңге бөлінбек.

Атырау тұрғындары Алматы, Астана, Павлодар және Ақтөбе қалалық емдеу мекемелерінде ем қабылдайтын болады. Квота бойынша экологиялық қолайсыз аймақ тұрғындарын қабылдайтын орталықтар арасында республикалық ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы, онкология және радиология институты, кардиология және ішкі құрылыс ауруларының орталығы, көз аурулары орталығы, Сызғанов атындағы хирургиялық ғылыми орталық, балалардың республикалық клиникалық ауруханасы, «Байбұлақ» республикалық орталығы сынды емдеу мекемелері бар.
2005-жыл басынан бері республикалық ауруханаларда 181 адам емделді. Олардың арасынан 72 бала республикалық балалар ауруханаларында жатып емделді.

Перейти к новостям спорта