2005-жылы елімізде 24 мыңдай төтенше жағдай тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2005-жылы елімізде 24 мыңдай төтенше жағдай тіркелді

2005-жылы елімізде 24 мыңдай төтенше жағдай тіркелді

АСТАНА. 9-ақпан. Kazakhstan Today. 2005-жылы 23 990 төтенше жағдай тіркелді.

  • 9 Ақпан 2006
  • 469
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрінің орынбасары Валерий Петров төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі мекемеаралық мемлекеттік комиссияның отырысы барысында құлағдар етті,- деп хабарлайды агенттік тілшісі.

“2005-жылы 23 990 төтенше жағдай тіркелді. Соның салдарынан 6258 адам зардап шегіп, 1520 адам қаза тапты”,- деді В.Петров.
“Алдын-ала мәліметтерге сәйкес материалдық шығындар мен қалпына келтіруге және басқа да шұғыл жұмстарға жұмсалған қаржы көлемі 16 млрд. теңгеден асты”,- деді ол.
Вице-министрдің айтуынша, “2004-жылғымен салыстырғанда Ақтөбе, Атырау, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында төтенше жағдайлар көбейді”. “Зардап шеккендер саны Алматы және Жамбыл облыстарында артты. Ал қаза тапқандар саны Қостанай, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында артып отыр”,- деді В.Петров.
“Төтенше жағдайлар саласындағы ахуал күрделі күйінде қалып отыр”,- деді вице-министр. “Еліміздің барлық аймақтарында дерлік төтенше жағдайдың туындауына түрткі болатын алғышарттар бар, шешімін таппаған мәселелер жетіп артылады”,- деді ол.

Перейти к новостям спорта