2005-жылы мүгедектерге арналған мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 50 процентке артады - ҚР президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2005-жылы мүгедектерге арналған мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 50 процентке артады - ҚР президенті

2005-жылы мүгедектерге арналған мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 50 процентке артады - ҚР президенті

"2005-жылдан бастап мүгедектікке және асыраушысынан айрылуға байланысты мемлекеттік жәрдемақы мөлшерін біршама арттыру қажет. Бұл мақсатқа 15 млрд. 800 млн. теңге бөлінеді". Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, 19-наурызда Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы жолдауы аясында атап көрсетті, деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Наурыз 2004
  • 562
Фото - Caravan.kz

Елбасының айтуынша, «жалпы алғанда, 680 мың адамның жырдемақысының мөлшері өседі». Атап айтсақ, Н.Назарбаевтың хабарлауынша, бірінші топтағы 47 мың мүгедектің жәрдемақысы 3 айлық есептік көрсеткішке, екінші топтағы 193 мың адамның жәрдемақысы 2,5 айлық есептік көрсеткішке, үшінші топтағы мүгедектер санатындағы 255 мың адамның жәрдемақысы 2 айлық есептік көрсеткішке артатын болады. 16 жасқа дейінгі 50 мың мүгедек баланың жәрдемақысы мөлшері 3 айлық есептік көрсеткішке артады. Сондай-ақ, асырушысынан айрылған 262 мың отбасы алатын мемлекттік жәрдемақы мөлшері 1 айлық есептік көрсеткішке артады.

«Соның нәтижесінде 2005-жылы 415 мың мүгедекке берілетін мемлекеттік жәрдемақының орташа мөлшері 6700 теңгеге дейін , немесе 50 процентке артады»,- деді Елбасы. Асыраушысынан айрылуға байланысты берілетін мемлекеттік жәрдемақының орташа мөлшері 20 процентке өсіп, 6,5 мың теңгеге жетеді.
Сондай-ақ, мемлекет басшысының айтуынша, «жәрдемақы мөлшерін арттыру аясына қазір ең жоғары жәрдемақы алатын барлық топтағы мүгедектердің барлығы бірдей қамтылмайды. Олар үшін баға өсіміне байланысты индексация жасалады .
Осы орайда Елбасы алдағы жылы Ұлы отан соғысында жеңіске жетудің 60 жылдық мерейтойы атап өтілетінін еске салды. Осыған байланысты президент үкіметке «2005-жылы соғыс ардагерлеріне 30 мың теңге көлемінде бір мәрте материалдық көмек бере отырып, Ұлы отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне төленетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақы мөлшерін 15 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыру туралы» тапсырма берді. «Бұл шараларға 6,5 млрд. теңге бөлу қажет»,- деді Н.Назарбаев.
Президент ортаға салған мәліметке сәйкес, жалпы алғанда 2004-жылы республикалық бюджеттен әлеуметтік қамсыздандыру мақсатына 217 млрд. 200 млн. теңге бөлініп, бұл ауқымға 2,5 млн. адам іліккен. 2005-жылы аталмыш мақсатқа жұмсалатын қосымша шығын көлемі 33 млрд. теңгеге жетеді, деді Елбасы.
Мемлекет басшысының пікірінше, халықтың әлеуметтік аз қорғалған бөлігін қолдауға бағытталған шаралардың арқасында 2005-жыл соңында 2003-жылдың басындағымен салыстырғанда тақыр кедейлер саны екі есе азаюы тиіс.

Соңғы жаңалықтар