2005-жылы Nations Energy компаниясы Қаражанбас кенішін игеруге 120 млн. доллар жұмсамақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 470.46
  • 543.1
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2005-жылы Nations Energy компаниясы Қаражанбас кенішін игеруге 120 млн. доллар жұмсамақшы

2005-жылы Nations Energy компаниясы Қаражанбас кенішін игеруге 120 млн. доллар жұмсамақшы

Канаданың Nations Energy компаниясы 2005-жылы Қаражанбас кенішін игеруге 120 млн. доллар жұмсамақшы. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Nations Energy компаниясының президенті Хошим Джоджихадикусумон хабарлады.

  • 22 Қараша 2004
  • 417
Фото - Caravan.kz

Компания президентінің мәліметіне сүйенсек, бүгінде кеніште тәулігіне 48 мың баррель мұнай өндіріледі. Алдағы екі жылда компания бұл көлемді 80-90 мың баррельге жеткізуді көздеп отыр.

Nations Energy компаниясы жетекшісінің хабарлауынша, 1997-жылдан бері компания Қаражанбас кенішін игеруге 250 млн. доллардай қаржы жұмсады.
Батыс Қазақстанда, Ақтаудан 230 шақырымда орналасқан Бұзашы түбегіндегі Қаражанбас кенішін басты қожайыны Nations Energy Company Ltd. (акциялардың 94,62%, қарапайым акцияларды 100% иемденеді) компаниясы болып табылатын «Қаражанбасмұнай» ААҚ игереді. «Қаражанбасмұнай» ААҚ 1986-жылы ҚР мұнай және газды эксперименталды өндіру басқармасының базасында құрылған «Қаражанбаснефть» басқармасын қайта құру нәтижесінде 1994-жылы құрылған. Кәсіпорын 1997-жылдың сәуір айында жекешелендірілді.
Х.Джоджихадикусумон сондай-ақ Nations Energy компаниясының Әзербайжандағы іс-қызметін пәрмендендіруге пейілді екенін хабарлады. Қазір компания бұл елде «Кемаледдин-Мишовдаг» және «Падар-Харами» деп аталатын оншорлық екі кенішті игеру жобаларына қатысуда. Оның айтуынша, бұл мәселе бойынша Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясымен келіссөздер жүргізілуде. Дегенмен ол мүдделі кеніштер мен олардың атауы туралы ақпаратты ашып айтпады.