2005-жылы Oracle Орталық Азиядағы сауда-саттық көлемін екі есе арттырмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2005-жылы Oracle Орталық Азиядағы сауда-саттық көлемін екі есе арттырмақшы

2005-жылы Oracle Орталық Азиядағы сауда-саттық көлемін екі есе арттырмақшы

Дүниежүзіндегі ірі корпоративтік бағдарламалық қамтамасыздық өнімдерін сатушы компанияға жататын Oracle 2005-жылы Орталық Азия аймағындағы сауда-саттық көлемін 100 процент арттыруды көздеп отыр. Бұл туралы бүгін, 15-сәуірде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Oracle компаниясының Орталық Азиядағы аймақтық менеджері Бақытбек Әлиев жария етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Сәуiр 2005
  • 466
Фото - Caravan.kz

Oracle компаниясының Орталық Азиядағы өкілдігі аймақтағы Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Тәжікстан елдері үшін жұмыс істейді. Аймақтағы жетекші рынок болып табылатын Қазақстан 90 проценттік үлеске ие.

Б.Әлиевтің айтуынша, қазір Қазақстанда Oracle компаниясының қызметін тұтынатын 200-дей компания бар. Олардың арасында банктер түгелдей дерлік, Қазақтелеком, ҚР қаржы министрлігі, ҚР қорғаныс министрлігі т.б. мекемелер бар.
Oracle мамандарының бағалауынша, Қазақстандағы ІТ-рыногының сыйымдылығы 300 млн. долларды құрайды.

Перейти к новостям спорта