Ю.Лавриннеконың айтуынша, бұл сан Қазақстан астығын Әзербайжанға 2004-жылы экспорттау көлеміне сәйкеседі. Министр орынбасарының атап көрсетуінше, желтоқсан айында Алтынсарин-Хромтау бағытындағы темір жол учаскесі аяқталатындықтан, алдағы уақытта астық тасымалдау ауқымы артуы мүмкін. Бұл еліміздің негізгі астықты аудандары болып табылатын Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарына Ақтау теңіз айлағы арқылы астық экспорттауға жол ашады. Осынау темір жол бөлігін пайдалануға беру тасымал құнын төмендетіп, оған деген қызығушылықты арттырады деп күтілуде.
«Қазақстан Иран, Әзербайжан және Грузия сынды астық рыноктарына шығудан айрықша мүдделі. Бүгінге дейін де белгілі дәрежеде әріптестік байланыстар орнап, ағым қалыптасты. Дегенмен оның көлемі әзірге 200-300 мың тоннадан аспай отыр. Алайда, біз бұл сан артады деген үміттеміз. Болашақта Қазақстан астығын Әзербайжан аумағы арқылы шығысқа транзитті тасымалдау мүмкіндігіне қол жеткізілмекші»,- деді Ю.Лавриненко.